«Мангышлак». Соғыс жайлы
Павлодарда «Манғышлақ» көркем фильмінің көрсетілім өтті. Режиссеры Людмила Лебедева, оператор – Наталья Макарова, сценарист – Владимир Дёмин.
Оқиға Ұлы Отан соғысына жас жігіттердің аттанып, әйелдер мен балалардың, қарттардың тылда қалған кезеңі жайлы. Павлодардан шыққан жас жігіт туған жерін тастап, әскери борышын өтеуге аттанады. Туған жері мен анасын бір жыл өткеннен кейін көру мүмкіндігі туады.

Солдат рөлінде Алексей Лебедев, анасы – Виолетта Минулина.
Түсірілім алаңы қаланың шығыс жағында орналасқан теміржол қоймасы. Режиссердың айтуынша сол замандағы жабық вагондарды табу қиындық тудырған.

Авторлар фильмнің әсіресе, павлодарлықтар үшін қызықты шығатынына сенімді.
Қазіргі кезде «Маңғышлақ» пост-продакшн кезеңінде.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін