È

Марйам Сатаева «Органика» қысқа метрінде ойнайды

Марйам Сатаева «Органика»  қысқа метрінде ойнайды

Бекентай Әжібеков Марйам Сатаевамен бірге «Органика» қысқаметражды фильмін түсірді. Лентаға біраз жігіттердің еңбегі сіңді. Сценарийін жазған Диас Жұбантыр, Ханзат Кеңес және Бекентай Әжібеков. Операторлары Әмина Ерғалиева және Меруерт Давлет. дыбыс режиссеры және фильмнің композиторы Сергей Шегай. Жобаның продюсеры - Жібек Әбуталифова.

Фильмнің сюжет жоқ деуге болады. Картина түсірілім тобының өзі жайлы, ал қатысушылары атышулы киноленталар образында көрсетілген. Негіз ретінде кастинг өткізу барысы алынған.

«Фильмнің идеясы біздің түсірц тобымыздың өзін өзі ашуға, танылуға деген ұмтылысы. Біз өзімізді осылай таныстыруды жөн көрдік. Негізі – кастинг өткізу барысы. Өзіміздің киносынақтың бір кезеңі арқылы, органиканы көрсеткіміз келді. Тобымыздың әр мүшесі адамға тін бір немесе бірнеше эмоцияны ойнады. Одан кейін идеямыз шығармашылық жағынан қызығырақ бола бастады – осының бәрін әлемдік кинемотографтың атақты фильмдеріне пародия жасау арқылы көрсеттік», - дейді Бекентай Әжібеков.

«Органика» түсірілімі Алматыда өтті, түсірілім бір аптаға созылды. Жақында жігіттер фильмнің тизерін шығарды, алдағы уақытта «Органика» халықаралық фестивальдарға аттанады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер