È

Марк Дакаскос «Номадтар жері» отандық киносына түсетін болды

Марк Дакаскос «Номадтар жері» отандық киносына түсетін болды

Американдық актер Марк Дакаскос («Бесіктен табытқа дейін») «Номадтар жері» отандық кинотаспасына түсетін болды. Шетелдік актердің қатысуындағы жоба туралы толығырақ ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтып берді:

«BBC телеарнасының қатысуымен өндіріске «Күлтегін: Жаңашыл көзқарас» деректі картинасы және Castel Films американдық компаниясымен бірге актер Марк Дакаскостың қатысуымен «Номадтар жері» ғылыми-танымдық фильмі дайындалып отыр. Барлық фильмдер БҰҰ-ның 6 тіліндегі субтитрлармен шығады және 700 миллионнан астам аудиториясы бар Discovery, Viasat History, National Geographic телеарналарынан көрсетіледі».

Министр сондай-ақ, «Қазақстаннның тұрмыс-салт географиясы», «Алтын жауынгер» кинотаспалары және Қожа Ахмет Яссауи мен Айша Бибі кесенелері туралы картиналардың дайындалып жатқанын атап кетті.

Еске сала кетсек, Марк Алан Дакаскос 10 жылдан аса уақыт бұрын «Көшпенділер» (2005) отандық тарихи драмасына түскен болатын. Актер жоңғар батыры Шарышты сомдады, оны қазақ қолбасшысы Абылай хан жеңген болатын.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 01:51

О как же был кочевник и остался им. Но, фильме он был великолепный

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер