Джефф Дюпрдан шеберлік сыныбы
9-12 қыркүйегінде Алматы қаласында америкалық телепродюсер әрі режиссер Джефф Дюпрдің авторлық шеберлік сыныбы өтеді. Іс-шараны АҚШ Бас консулы АҚШ пен Қазақстан арасындағы байланысқа 25 жыл толуына байланысты ұйымдастырып отыр.
Жас режиссерлері, документалистер мен продюсерлер курс барысында деректі фильмдер мен тележобалар режиссурасынан білімін толықтыра алады, сондай-ақ кино мен телевидениедегі батыс продюсерлігінің ерекшелігі туралы біле алады.

Джефф Дюпре «Из прошлого» дебюттық фильмі үшін «Сандэнс» кинофестивалінде көрермендер көзайымы жүлдесін алды. ал ол продюсерлік еткен «Бродвей: Американский мюзикл» сериалы «Эмми» жүлдесіне ие болды. Бүгінде ол Show of Force (окөзге ілінген жобаларының бірі «Circus») студиясында істейді.
Джефф Дюпр шеберлік сыныбына қатысу үшінмынандай сұраққа жауап беру керек: «Мен неге Джефф Дюпрдің воркшопына қатысқым келеді?» Осы сұрақты JeffDupreAlmaty@gmail.com. электрондық поштасына жіберу қажет.
Өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Кездесу SIGS SPACE арт-кеңістігінде өтеді. Дәріс ағылшын тілінде өтеді, кейін орыс тіліне аударылады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін