È

MG Production ашаршылық туралы фильм түсірмек

MG Production ашаршылық туралы фильм түсірмек

Режиссер әрі сценарист Марина Қонарова «Ашаршылық» тарихи драмасының идеясын 5 жыл бойы ойластырған. Режиссер демеушілерді ұзақ іздеп, Еуропалық кино қоры және Start Time краудфандингті алаңқайынан қолдау тапты. Көлемді таспаның түсіріліміне 380 миллион теңге көлемінде қаржы қажет.

«Тарихи жоба түсіруді бірнеше жылдар бойы ойластырдық. Еуропалық кино қоры бюджеттің 45%-ын түсіруге келіскеніне қуаныштымыз. Ал 10%-ын краудфандинг арқылы жинауды ойлап отырмыз. Яғни, қазақстандықтар бізді қолдай отырып, қалаған көлемде ақша бөле алады»,-дейді Марина Қонарова.

«Ашаршылық» кинотаспасы өткен жүзжылдықтың 20-30-жылдарында болған ашаршылық туралы баяндайды. Тарихи деректерге сүйенсек, жылдың ішінде Қазақстан аумағындағы халық саны 70%-ға қысқарған: қазақтар 4 миллионнан 6 миллионға дейінгі адамдарнан айырылған.

Марина Қонарова

«Ашаршылық» фильмінде қазақ халқының басынан өткен шынайы трагедия көрсетіледі. Біздің басты мақсатымыз – қаншама қиын-қыстау кезеңдерді өткерсе де, ата-бабаларымыздың адамгершіліктен аттамағанын көрсету. Өздері аш қалып отырса да, соңғы нандарын орыстар мен украиналықтарға берген. Фильм мақсаты – сол нәубетті қайтадан бастан өткермеу үшін қолда бардың қадірін білуге шақыру. Мен көркейіп келе жатқан тәуелсіз елде өмір сүріп жүргеніме қуанамын»,-дейді режиссер.

Сценарий өңдеуге Марина Қонарова, Берікболат Сабыржанов және еуропалық драматург Кристиан Рувз атсалысты. Авторлардың айтуынша, картина негізіне Шоқан Уәлихановтың зерттеулері арқау болған.

Ернар Мәліков

Фильм түсіріліміне авторлар ағымдағы жылдың қараша айында кіріспек. Қазіргі таңда локациялар, түсірілім реквизиттері іздестірілуде, сонымен қатар актерлар таңдалып жатыр. Жобаның өндірісімен MG Production айналыспақ.

«Ашаршылық» фильмінің бас продюсері - Ернар Мәліков, ассоциативті продюсері – Қуат Домбай және кеңесшісі – ҚР Ғылым академиясы жанынан құрылған тарих пен этнология институтының директоры Мәмбет Қойгелдиев.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

18 қыркүйек 2017, 12:41

Вот это считаю самое необходимое. А то все время в истории

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер