Жанна Исабаеваның «Света» фильмінің әлемдік тұсаукесері Tokyo International Film Festival-да болады
Жанна Исабаеваның «Света» толықметражды фильмінің әлемдік тұсаукесері Tokyo International Film Festival аясында болады. Отандық режиссердің картинасы 2017 жылдың 25 қазанынан 3 қарашаға дейін өтетін Токиодағы 30-шы Халықаралық кинофестивалінің байқау бағдарламасында көрсетіледі.
«Света» фильмінде Света есімді әйелдің хикаясы баяндалады. Ол фабрикада жұмыс істейді. Кейіпкердің өмірінде бұрыс жолдарға итермелейтін оқиғалар болады. картинадағы кейіпкерлер ым-ишарат арқылы сөйлеседі.
.jpg)
«Света» фильмінен көрініс
Драма сценарийін Жанна Исабаева жазған. Қоюшы-операторы - Михаил Блинцов. Екеуі бұрын «Бөпем» картинасында бірге жұмыс істеген. Сондай-ақ, «Светаның» түсіріліміне қоюшы-суретші Жалалатдин Ибрагимов және костюм бойынша суретші Инга Задарновская атсалысты. Таспадағы басты рөлді Лаура Королёва сомдады.
Tokyo International Film Festival FIAPF (Кинопродюсерлер қауымдастығы Халықаралық федерациясы) тағайындалған Азиядағы екінші фестиваль болып табылады. Биылғы жылы Competition негізгі бағдарламасына 15 фильм кірген. Олар әлемнің 80 елінен келген 1538 өтініштің ішінен таңдалып алынды. Фестивальде барлығы 100-ден аса кино жұмыстары көрсетіледі.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін