Мишель Пфайффер «Малефисента» жалғасының түсіріліміне қатысу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

Актриса Мишель Пфайффер («Шығыс экспрессіндегі өлім», «Өтірікші, Ұлы әрі Сұмдық») «Малефисента» жалғасының түсіріліміне қатысу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Disney сиквелінің басты рөлдеріне қайтадан Анджелина Джоли («Смит мыраз мен ханым», «Турист») және Эль Фаннинг («Қауіпті азғыру», «Кешкі сауықта қыздармен қалай сөйлесу керек») түседі. Жалғасының түсірілімі 2018 жылы басталады.
Мишель Пфайффер жақында «Құмырсқа адам және Сона» фильміне түскен болатын. Бұл - оның «Бэтмен қайта оралады» картинасындағы Мысық әйелден кейінгі комикстегі алғашқы рөлі. Егер актрисаның түсірілімге қатысатыны жайлы келіссөзге қол қойылса, ол Патшайымның рөліне ие болмақ. Эд Скрейн («Топ-модель», «Дэдпул») осы жобаға қатысатынын растады. Хоаким Роннинг («Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды», «Кон-Тики») сиквелдің режиссері ретінде таңдалды.
«Малефисента» жаңа бөлімінің сюжетті негізіне қандай жаңа ертегіні алатынын болжау қиын. Ұйқыдағы Ару туралы хикаяға негізделген алғашқы фильм бірнеше кассалық рекорд орнатып, айналымда 760 миллион доллар жинаған. Ханшайымның кімді және қай патшалықты зұлым періден құтқаратыны әлі де құпия болып келеді.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін