Митхун Чакраборти Қазақстанға келмек
Көктемде Оңтүстік Қазақстан облысына әйгілі үнді актері Митхун Чакраборти келеді. Келуінің басты мақсаты – көркем фильмге түсу, деп хабарлайды TVK телеарнасы.
«Біз бұл жақта (Шымкентте – ред.) сәуірде Митхун Чакрабортидің қатысуымен толықметражды тарихи фильм түсіреміз. Түсірілімге арнайы XVIII ғасырдың қамалы салынады. Барлық жерде фильмнің Шымкентте түсірілгені жазылып, дыбысталатын болады», - деп хабарлады Еуразия кинофестивалінің директоры Мира Қарсақпаева.
Таспаның үнді кинематографшыларымен түсірілетіні белгілі болды.
Митхун Чакрабортидің актерлік мансабы студент кезінен бастау алған. Алайда, көрермен махаббатына, атақ-даңққа «Биші Диско» мен «Биле, биле» фильмдері арқылы ие болды. Бүгінде актер 68 жаста, ол 350-ден астам рөлдерді сомдаған.
4 пікір
Пікір қалдыру үшін
Yerzhan Jumabekov
15 февраля 2018, 18:32Майра Карсакбаева
Даник
17 февраля 2018, 01:05Прекрасная новость! Сам Митхун едет к нам!)))
Мырзахмет
17 февраля 2018, 01:55Круто, будет весело. Как будет вообще весело.
Dana Khairova
13 наурыз 2018, 17:42кто знает когда именно приезжает, хочу приехать!