È

Моника Беллуччи XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне келуі мүмкін

Моника Беллуччи XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне келуі мүмкін

2018 жылдың 1-5 шілде аралығында Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестивальдің жұлдызды қонақтарының арасында Моника Беллуччи болуы да мүмкін. Бұл туралы «Еуразия» ХКФ президенті Айман Мұсақожаева хабарлады.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі – Халықаралық кинопродюсерлер федерациясы қауымдастығының (FIAPF) тіркеуінен өткен Орта Азиядағы жалғыз әрі ірі кинофорум. Шараның міндеті – отандық киноөндірісті қолдау, киномәдениетке қызығушылықты арттыру және Еуропа мен Азия елдерінің арасында кино саласындағы кәсіпті дамытуға атсалысу. «Еуразия» фестивалі 14 жыл бойы көптеген кинематографшыларға өздерін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік сыйлады.

Жыл сайын кинокөрсетілімге тек қазақстандық кино жұлдыздар ғана емес, белгілі шетелдік әртістер де қонақ болып келеді. Әр түрлі жылда фестивальге Софи Марсо, Кристофер Ламберт, Жерар Депардье, Лэйн Дэвис, Джон Малкович және т.б. келген. Былтырғы жылы құрметті қонақтардың арасында Николас Кейдж пен Эдриан Броуди болған.

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер