È

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» айналымдағы үздіктердің қатарында

19-22 шілде аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада айтарлықтай жинақтар бола қоймады. Алдыңғы аптаның үздіктері рейтингтегі орындарын сақтап қалса, айналым жаңалықтары аз ғана жинаққа қанағаттанды. Толығырақ Қазақстандағы кассалық жинаққа* арналған материалымыздан оқыңыздар.

«Құбыжықтар демалыста 3: Теңіз шақырады» анимациялық фильмі екінші апта қатарынан үздік болып отыр. Таспа 57 196 204 теңге жинады. Актер Энди Сэмберг үшін бұл - Sony Animation-мен бесінші серіктестігі. Оның қатысуындағы алдыңғы жобалар – жақсы танылған мультфильмдер: «Бұлтты, фрикаделька түріндегі жауын-шашын болуы ықтимал», «Бұлтты, фрикаделька түріндегі жауын-шашын болуы ықтимал 2: ГМО кегі», «Құбыжықтар демалыста» және Құбыжықтар демалыста 2».

«Зәулім ғимарат» фильмінен көрініс
«Зәулім ғимарат» фильмінен көрініс

Екінші қатарда «Зәулім ғимарат» фильмі тұр. Таспа 41 065 800 теңге көлемінде пайда тапты. Бір қызығы, Дуэйн Джонсон бұрын режиссер Роусон Маршалл Тёрбермен жұмыс істеген. Екеуі алғаш рет 2016 жылы көрермендердің көңілінен шыққан «Жартылай тыңшы» комедиялық атыс-шабыс фильмінің түсірілім алаңында кездескен.

«Құмырсқа адам және Сона» фантастикалық фильмі 22 786 535 теңге жинады. Актерлар Мишель Пфайффер және Пол Радд екінші рет бір картинада ойнап отыр. Екеуі бұрын «Мен ешқашан сендік болмаймын» фильмінде ғашықтарды сомдаған. «Құмырсқа адам және Сона» фильмінде Пфайффер Пол Радд кейіпкерінің анасын сомдады.

Шиеленіске толы «Миллиардерлер клубы» драмасы 21 929 710 теңге жинады. Фильмге Кевин Спейси түсті, оның айналасында кейін жыныстық қатынасқа қатысты дау туындаған. Алайда, фильм продюсерлері «Әлемнің бар қаржысы» (2017) жобасының авторларына қарағанда, актердің қатысуындағы көріністерді қалдыруды ұйғарған.

«Зои» фильмінен көрініс
«Зои» фильмінен көрініс

«Зои» кинотаспасының жинағы 4 827 750 теңгені құрайды. Басты рөлге Гай Ричидің «Артур патшаның қылышы» фильмінің жұлдызы Чарли Ханнэм қарастырылған болатын. Бірақ, ыңғайлы жұмыс кестесі болмағандықтан, актерге бас тартуға тура келді. Нәтижесінде, негізгі рөл Юэн МакГрегорге («Кристофер Робин») бұйырды.

«Талли» картинасы 4 438 800 теңге көлемінде пайда тапты. Режиссер Джейсон Райтман және Шарлиз Терон бұрын «Бейшара бай қыз» фильмінде бірге жұмыс істеген. Жобада Райтман сценарист Диабло Коудимен қайтадан серіктестік орнатты. Екеуі бұрын «Джуно» таспасын жарыққа шығарған еді.

«Суперотбасы 2» мультфильмі 4 227 200 теңге жинады. Фильмнің түпнұсқасы мен сиквелінің аралығы 14 жылды құрайды. Бұл - Disney мен Pixar жобаларының арасындағы ең ұзақ үзіліс. Мысалы, «Дориді іздеу кезінде» «Немоны іздеуден» кейін 13 жылдан соң, ал «Құбыжықтар университеті» «Құбыжықтар корпорациясынан» кейін 12 жылдан соң шыққан.

«Оушеннің 8 құрбысы» фильмінен көрініс
«Оушеннің 8 құрбысы» фильмінен көрініс

«Оушеннің 8 құрбысы» фильмі кассаны 4 136 850 теңгеге толтырды. Эллиотт Гулд түпнұсқа франшизадан («Оушеннің 12 досы») осы таспаға түскен жалғыз актер болды. Картинада Мэтт Дэймон төбе көрсетуі керек еді. Бірақ, оның қатысуындағы көрініс алып тасталынды.

Өткен демалыстағы аутсайдерлер тізімінде келесі жаңа фильмдер бар: «Паранормалды» қорқынышты фильмі - 3 682 469 теңге, «Кеңседегі былық» триллері - 2 312 400 теңге және «Килиманджара» ресейлік комедиясы - 1 922 474 теңге, сонымен қатар «Инстаграмшыл қыз» отандық комедиясы - 1 595 930 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәлеметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер