Теңіз кетті, адамдар қалды
6 тамызда Швейцариядағы Locarno International Film Festival байқауы аясында «Завтра море» фильмінің әлемдік тұсаукесері өтеді. Картинаның режиссеры - Катерина Суворова, продюсер - Саин Ғабдуллин.
«Завтра море» Арал теңізіндегі апаттан кейінгі өмір жайлы. Фильм төрт оқиғаның негізінде құрылған: бағбан Жүкен, гидробиолог қыз, балықшылар отбасының мүшесі және кемелердің қалдығын жинаушы металистер жайлы. Авторлар экологиялық трагедияны көрстеуге тырысты, онда олар жаңа өмір бастағысы келеді.

Катерина Суворова
«Мен үшін Арал теңізінің тұрғындары – бұл Жер бетіндегі соғыстардан кейін жеңіліс тауып, ғаламшар адамдары өмір сүруге ыңғайлы орын іздеп барған, адамзат баласы әлі зерттеп үлгермеген жер секілді - дейді режиссер.
2010 жылы Катерина Суворова Роберт Боштың неміс қорының байқауына жобаны ұсынған болатын, сол жерде жобаны жүзеге асыруға грант алды. Осы жылы жобаны қазақстандық кәсіпкер Шыңғыс Құлжанов. Қазіргі таңда режиссер «Из жизни планет» жаңа жобамен айналысуда.

«Завтра море» түсіріліміне: неміс кинооператоры - Евгений Шлегель, монтажер - Азамат Алтыбасов, композитор - Эльдар Таги, дыбыс режиссеры - Игорь Гладкий.
Картинаның қазақстандық тұсаукесері Clique Fest байқауы аясында қарашада болады. Қазақстандағы дистрибьютор «Қазақфильм» АҚ.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін