È

«Қазақ елі» мультфильмі Каирдағы кинофестивальда көзге түсті

 «Қазақ елі» мультфильмі Каирдағы кинофестивальда көзге түсті

Мультипликациялық картина «Қазақ елі» Каирда өткен 10-ыншы Халықаралық анимациялық фильмдер форумынан үш бірдей марапатпен оралды. Отандық анимация «Үздік толықметражды фильм» деп танылды, ал композитор Руслан Шынықұлов пен музыкант Жанболат Әділовтың жұмыстарына арнайы құрмет сертификаты берілді.

«Қазақ елі» анимациясын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен 2015 жылы «САҚ-дала»студиясы түсірді. Фильмнің сюжеті екі сұлтантың тағдыры, қазақ халқының болашақ хандары Керей мен Жәнібек жайлы. Жобаны жүзеге асыруға 35 маман қатысты, олардың қатарында режиссер Бақытжан Құлжабай, сценаристер Сағиділдә Үсіпәлиев және Батырхан Дәуренбеков, қоюшы-суретші Азамат Ерназаров, сондай-ақ тарихшы Жамбыл Артықбаев бар.

Мультфильмнің саундтрегі ретінде «Қарақшылар әні» таңдалып алынды, әнді орындағандар – Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Абдуллин.

Каирдағы Халықаралық анимациялық фильмдер форумы жыл сайын анимациялық жобаларды қолдау, тәжірибе алмасу, жас мамандардың техникалық және суреткерлік шеберліктерін дамыту мақсатында өткізіледі. Биыл 90 толықметражды және қысқаметражлы фильм қатысты.Олардың арасында Австрия, Австралия, Германия, Қытай, Ресей және АҚШ елдері режиссерлерінің жұмыстары бар.

«Қазақ елі» анимациясын халықаралық деңгейде насихаттауды «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер