È

«Күлтегін» мультфильмі Португалиядағы ХКФ-де көрсетіледі

«Күлтегін» мультфильмі Португалиядағы ХКФ-де көрсетіледі

Қазақстандық «Күлтегін» мультфильмі екінші Халықаралық Португалия кинофестивалінің қатысушысы атанды. Картина анимациялық фильмдердің негізгі байқауына енді. Кинофестиваль 2018 жылдың 14 және 15 қыркүйек күндері Порту қаласында өтеді.

«Күлтегін» мультфильмі көптеген көшпелі этностарды Түрік қағанаты туының астына біріктіре білген белгілі әскербасы Күлтегіннің жастық шағын баяндайды. Картина сценарийнің авторы әрі режиссері Адай Әбелдинов болды, қосалқы авторы - Жәнібек Нұрбекұлы. Таспа «Қазақфильм» киностудиясы базасында өндірілді.

Халықаралық Португалия кинофестивалі алғаш 2017 жылы өткен болатын. Фестивальдің басты мақсаты – португалия мен әлемдік киноны дамыту, сондай-ақ кино мәдениеті мен киноқайраткерлерге құрмет көрсету. Көрсетілімнің ресми бағдарламасында қысқа метр, анимация, деректі және ойнамалы кино, сондай-ақ тәжірибелі фильмдер байқаулары өтеді.

Еске салсақ, «Күлтегін» мультфильмінің тұсауы Астанада XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде кесілген болатын.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер