È

«Айдаһарлардың әміршісі» мультфильмі қазақ тіліне дубляж жасалды

«Айдаһарлардың әміршісі» мультфильмі қазақ тіліне дубляж жасалды

Алматыда «Айдаһарлардың әміршісі» анимациялық фильмінің қазақша дубляждалған тұсқасы таныстырылды. Атауы да қазақшаланған мультфильмді қазақша сөйлеткендер: «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімапазы Дінмұхамед Дәулетов, театр және кино актеры Шыңғыс Капин, «X-Фактор» шоуының финалисті Ару Әуезова, әні әрі продюсер Ева Бехер, актер Ерден Телемісов. Жобамен жұмыс істеген Kinotechnologie дистрибьюторлық комапниясы.

«Айдаһарлардың әміршісі» - украин режиссеры Манук Депоянның жұмысы, фильм 12 жастағы Никита Кожемяк жайлы. өзінің балалығына қарамастан кейіпкерге қорқынышпен айдаһармен айқасуға тура келеді. Никита өзінің досы жарқанатпен бірге қызықты да қауіпті саяхатқа аттанады.

«Менің персонажым - Никита есімді басты кейіпкер. Бұл менің алғаш рет дыбыстауым болғандықтан қатты толқыдым. Алайда мамандардың кеңестерінің арқасында мен кейіпкепрді сезініп, ашылуға тырыстым. Кейіпкер екеуіздің ортақ қасиеттеріміз көп болып шықты: ол да мен секілді бірбеткей, алға ұмтылғыш, өзі романтик, арманшыл. Бұл мен үшін өте қызықты және құнды тәжірибе болды. Егер кино саласында жұмыс істеуге ұсыныстар түсіп жатса, қуана-қуана келісемін», - дейді актер, әрі қазақ тіліндегі саундтректі орындаушы Дінмұхамед Дәулетов.

Бас антагонист - аузынан от шашып тұрған айдаһарды АРТиШОК театрының актеры әрі киноактер Шыңғыс Капин дыбыстады. Өзінің дубляждағы тәжірибесі туралы ол да бөлісті:

«Әрине, дубляж жасау менің өмірімдегі алғашқы тәжірибем емес, өйткен кез келген кәсіби актер тек қана актерлық шеберлікті оқып қана қойпмай, сахна тілі мен дыбыстауды да меңгереді ғой. ВГИК-те оқып жүрген кезімде түрлі роликтерді , фильмдер мен мультфильмдерден үзінділерді дыбыстадым. Маған айдаһар өте ұнады, өйткені ол қатігез бірақ ақылды кейіпкер. дыбыстау қазақ тілінде болғандықтан маған аздап қиындау болды, бірақ актерлық қабілет пен мамандардың кеңесінің арқасында барлығы жақсы болды. Алдымызға қойылған тапсырманы орындай алдық деп үміттенемін, көрерменнің көңілінен шықса болғаны. осы жобадан кейін түсінгенім, тілге ешқандай кедергі жоқ. қазақ тілін үйренгісі келетін адамдарға бір сәтке актер болу керек».

Чингиз Капин, Ева Бехер, Динмухамед Даулетов

Басқа да бас кейіпкерлерді дыбыстағандар: Ару Әуэзова - батыл жарқанат, Әмина Малғаждар - тапқыр тиін, Ерден Телемисов - сиқыршы шал, Виктор Бондарев - Никитаның ағасы және Ева Бехер.

Дубляж жасаушылардың айтуынша, аударма мен дауыстарды жазу кезеңі бір аптаға ғана созылған.

Анимацияның қазақстандағы релизі 9 наурызға жоспарланған. Кішкентай батыр туралы анимация Ресейде тек сәуір айында экранға шығады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

17 февраля 2017, 00:28

Очень радостаная новость. Радует что с каждым годом все больше и больше фильмов и мультфильмов профессионально дублируются на казахский язык.

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер