È

Мұрат Бидосов Бекзат Саттарханов жайлы хикая түсірмек

Мұрат Бидосов Бекзат Саттарханов жайлы хикая түсірмек

«Хабар» телеарнасы олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі жайлы көпбөлімді картинаның түсіріліміне дайындалып жатыр. Режиссері режиссер Мұрат Бидосов («Біздің «Қаламгер») болмақ.

Авторлардың айтуынша, алғаш бес бөлімнен тұратын хикая түсірілмек, кейін екі тілде дыбысталған толық метрдің жұмысы басталады. Жоба жұмысына дайындық барысында авторлар Саттархановтың ата-анасымен және жаттықтырушыларымен әңгімелесу үстінде. Топқа танымал қазақстандық боксшылар кеңесші болады.

«Жуырда елімідегі бокс федерациясының 85 жылдығына арналған деректі фильм көрсетеміз. Сондай-ақ, еліміздің намысын АҚШ-та қорғап жүрген боксшылар жайлы деректі туындылар жасауды жоспарлаудамыз», - деді «Хабардың» бас продюсері Айдос Тұрысбек.

Көрермендер Бекзат Саттарханов жайлы көпбөлімді фильмді «Хабар» телеарнасынан 2019 жылы көретін болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса