È

BBC World News «Қазақстан аңыздары» роликтер топтамасын көрсете бастады

BBC World News «Қазақстан аңыздары» роликтер топтамасын көрсете бастады

BBC World News телеарнасы «Қазақстан аңыздары» атты роликтер көрсетілімін бастады. Қазақ мәдениеті ескерткіштеріне арналған бейнероликтер топтамасын BBC мен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Жобаның негізгі мақсаты – шетелдік көрерменді қазақ халқының мәдени ескерткіштерімен: Айша Бибі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенелерімен, «Алтын адам» әйгілі жәдігерімен таныстыру.

Роликтер түсірілімі осы күзде Алматыда, Үшқоңырда, Түркістан мен Қапшағайда өткен. Режиссерлік орынды Дарья Чернова иеленген, ал қоюшы-оператор ретінде Мәскеуден Денис Аларкон-Рамиресті шақырған.

Сондай-ақ, көрермендер экран арқылы қоюшы-суретші Бөпеш Жандаевтың және костюм бойынша суретші Елена Рубанованың жұмысын бағалай алады.

Көрермендер ата-бабамыздың образында Оңдасын Бесікбасов, Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева және Фариза Ескермес сынды актерларды көретін болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер