È

«Жағалауда»: Сирша Ронан алғашқы трейлерде тәжірибесіз қалыңдық рөлінде

«Жағалауда»: Сирша Ронан алғашқы трейлерде тәжірибесіз қалыңдық рөлінде

Bleekecker Street былтырғы жылы күздің басында Торонтодағы фестивальде көрсетілімі өткен «Жағалау» драмасының алғашқы трейлерін ұсынды. Ирландық сценарист Иэн МакЮэннің («Өтелу», «Мейірімді балақай») аталмыш экрандық бейімделуіне Сирша Ронан («Құс ханым», «Бруклин») және Билли Хоул («Дюнкерк») түсті. Бұл жұп бал айы кезінде тура және ауыспалы мағынасында, бар күштерімен жақындасуға тырысатын жас жұбайлардың рөлін сомдайды.

Биыл «Оскар» жүлдесіне ұсынылған Ронан көрерменге «Құс ханым» фильміндегі рөлімен қызықты. Бірақ, ирландиялық актриса «Бруклин» секілді тартымдылығымен ерекшеленбейтін, мүлдем басқа драманы ұсынады. Бұдан бұрын Ронан МакЮэнның романының экрандық нұсқасы «Өтелу» фильміндегі рөлі арқылы «Оскар» жүлдесін иеленген болатын.

«Жағалауда» фильміне арналған ресми қысқаша синопсис төмендегіше баяндалады: драма 1962 жылдың жазында болған жас жұбайлардың қарым-қатынасының айналасында өрбиді. Үйлену тойымен аяқталатын романтикалық кездесуден кейін, ерлі-зайыптылар гендерлік мәселелерді зерттеп, неке түнінің сәтсіздігінің салдарынан әлеуметтік қысымға тап болады.

«Жағалауда» драмасының көрсетілімі 2018 жылдың 15 маусымына белгіленген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер