ЭСКПО-2017 көрмесінде «Еуразия фильм маркет» алғашқы кинонарығы өтеді
Биылғы жылы «Еуразия» халықаралық кинофестивалі ЭКСПО-2017 көрмесінің ірі оқиғаларының бірі болмақ. Бүкіләлемдік көрмеде кинофестиваль аясында «Еуразия фильм маркет» алғашқы кинонарығы ұйымдастырылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Үкімет отырысында хабарлады.
«Канн сияқты ірі кинофестивальдерде міндетті түрде кинонарық өтеді. Ол қандай мүмкіндік береді? Әр павильонда сол елдердің соңғы 5 жылда жарыққа шыққан киноөнімдері таныстырылады. Яғни, келуші қонақтар тек фестивальді фильмдермен танысып қана қоймай, басқа елдердің киноөндірісінде қандай жаңалықтар болып жатқандығынан хабардар бола алады. Айта кету керек, кәсіби мамандардың кинонарыққа деген қызығушылығы артып отыр. Сондықтан, алғаш рет «Еуразия» аясында осындай шара ұйымдастырып отырмыз»,-деп түсіндірді министр.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
«Еуразия фильм маркет» кинонарығының жұмыс барысында аяқталған жобалар ғана емес, дайындық үстіндегі туындылар да таныстырылады. Одан бөлек, шара аясында режиссерлар мен продюсерлердің қатысуымен конференциялар, шеберлік сағаттар және дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10-маусым айында басталып, 10-қыркүйекке дейін жалғасады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін