È

«Хабар» Америкадағы қазақ отбасы жайлы хикаяны көрсетеді

«Хабар» Америкадағы қазақ отбасы жайлы хикаяны көрсетеді

26-қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан 32 бөлімді «Шашу» фильмінің көрсетілімі басталады. Режиссері – Ернат Байұзақ. Сценарий авторы – Жәмит Көшербаев.

Сюжетте АҚШ-та 10 жыл тұрып жатқан жас жігіт Арман жайлы баяндалады. Сол жақтан ол махаббаты Аиданы жолықтырады, екеуінің Алан есімді балалары дүниеге келеді. Жігіттің анасы Науат ұлын қатты сағынып, отанына оралуын сұрайды. Арман әйелін көндіреді де, отбасымен қазақ мәдениеті сіңген, туған-туыстары тұратын Қазақстанға келеді. Арман мен Аида жаңа өмірге үйрене ала ма немесе АҚШ-қа қайта орала ма?

Хикаядағы басты рөлдерді Әли Марат, Мақпал Қасенова, Архат Қайратұлы, Әлихан Ыдырысова сомдады. Сондай-ақ, жобаға Қуандық Шәкіржанов, Айгүл Кәден, Еділ Рамазанов, Гүлшат Тұтова, Есжан Хамидуллин, Әйгерім Уалжанова түсті.

Сонымен қатар, «Шашуға» дизайнерлер Аида Кәуменова, Берік Исмаилов, Құралай Нұрқаділова атсалысты.

Айқын Төлепберген хикаяға «Арман жолында» атты саундтрек жазды.

Хикая жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 18:45-те көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер