È

«Хабардан» «Қарлығаш ұя салғанда» хикаясы көрсетіледі

«Хабарда» «Қарлығаш ұя салғанда» хикаясы көрсетіледі

Қазан айының соңында «Хабар» телеарнасынан «Қарлығаш ұя салғанда» көпбөлімді фильмі көрсетіле бастайды. Режиссері - Санжар Омаров.

Сюжет мансабына көп көңіл бөлетін Қарлығаш есімді бойжеткеннің айналасында өрбиді. Ол табысты, дәулетті әрі сүйкімді. Бірақ, жеке өмірі дұрыс болмады. Бір күні жаңа көршісін жолықтырып, бойжектен ақыры ғашық болады.

Кейін ол жігіттің есімінің Тасқын екенін біледі, ол үш қызды тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке екен. Тасқын ауруханаға түсіп қалғанда, Қарлығаш оның балаларына қарайласады. Келесі күні таңертең кейіпкер қыз үйінің шатырынан қарлығаштың ұясын көреді де, оны жақсылықтың бастауы ретінде қабылдайды.

Фото «Хабар»
Фото «Хабар»

Басты кейіпкердің рөлі актриса әрі әнші Кәмшат Жолдыбаеваға бұйырды. Ол бұрын «Парыз», «Тракторшының махаббаты», «Өгей жүрек», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» хикаяларына түскен болатын. Тасқынның рөлін көрермендерге «Тараз» және «Әміре» фильмдері арқылы танылған Еркебұлан Дайыров сомдады.

Айта кету керек, хикаяның аттас «Қарлығаш ұя салғанда» саундтрегін әнші Сара Амангелді орындады.

«Қарлығаш ұя салғанда» хикаясы «Хабардың» эфирінен 29 қазаннан бастап, жұмыс күндері сағат 19:15-те көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер