È

«Хабарда» «Уақыт» қылмыстық хикаясы көрсетіле бастады

«Хабарда» «Уақыт» қылмыстық хикаясы көрсетіле бастады

«Хабар» телеарнасында кейіпкерлері жақсылық үшін күресетін «Уақыт» хикаясы көрсетіле бастады. Қылмыстық драма 12 бөлімде ұсынылады, көрермендер хикаядан Жан Байжанбаев пен Әзиз Бейшеналиевті және жас актерларды көре алады.

«Уақыт» хикаясының басты кейіпкерлері - Жасұлан, Мақсат, Руслан және Давид. Олар ауруханада танысты. Дәрігерлердің айтуынша, жігіттердің өмір сүруіне аз уақыт қалыпты. Бұл хабарлама оларды тығырыққа тіреді: әрқайсысының қамқорлық танытатын жақындары мен туыстары бар, ал уақыт аз қалды. Кенеттен төрттікке көмектесуге аяқ астынан бір кәсіпкер келіп, қызықты мәміле ұсынады. Жігіттер лайықты жазасынан қашып жүргендерді ұстап, жазалаулары тиіс. Әр жұмыс үшін кейіпкерлерге ақы төленеді. Давид, Жасұлан, Мақсат және Руслан келісіп, қалған уақыттарын кек алуға жұмсайды.

Қоюшы-режиссер әрі рөлдердің бірін сомдаушы - Дмитрий Қырықбаев («Ауылдастар»). Телефильм сценарийнің авторы – Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев («Тіркеуші»). Қылмыстық хикаяның кейіпкерлерін актер ретінде өздерін алғаш сынап көрген Нұржан Әуезхан, Ринат Мәделин және Владимир Кащенко сомдады.

Хикая «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша District 13 студиясымен түсірілді.

«Уақыт» хикаясы жұмыс күндері сағат 21:30-да көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер