È

«Қазақфильм» киностудиясы Наурыз мерекесін атап өтті

«Қазақфильм» киностудиясы Наурыз мерекесін атап өтті

"Қазақфильм" киностудиясының алаңында Наурыз мерекесі кеңінен тойланды. Студия қызметкерлері қазақ үйлер тігіп, алтыбақан әткеншегін орнатып, ашық аспан астында мол дастархан жайып, көктемді ерекше қуанышпен қарсы алуды жөн көрді.

Мерекелік шараның арнайы шақырылған қонақтары №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері болды. Балалар үшін "Қазақфильм" павильондары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Таныстыру турының алдында шара қатысушыларына арнап "Қазақфильм" АҚ президенті Бақыт Қайырбеков сөз сөйледі.

«Әріптестерімді, келген қонақтарды және барша қазақстандықтарды көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Сонау ғасырлардан бері көктемнің келуі жаңа күннің, жаңа өмір мен жаңа істердің бастауы болып саналған. Сондықтан, өзіміздің кинематографтарымызға шабыт пен шығармашылық өрлеу және жаңа туындылардың дүниеге көптеп келуін тілеймін. Ал жас ұрпаққа әрдайым қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй тілей отыра, өмірде тек жақсылық жасауға шақырамын. Бұл жыл барлығымызға тек жақсылық пен жағымды жаңалықтар әкелетініне сенемін»,- деп сөзін аяқтады ол.

Мерекеге сондай-ақ, еліміздегі кино саласының белгілі мамандары: драматург Смағұл Елубай, кинематографшы Сатыбалды Нарымбетов және Нұржұман Ықтымбаев, Жан Байжанбаев, Жанна Қуанышева, Димаш Ахимов, Ерболат Тоғызақов, т.б. актерлер қатысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер