È

Шәкен Айманов ХКФ-де отандық 12 фильм көрсетіледі

Шәкен Айманов ХКФ-де отандық 12 фильм көрсетіледі

Биылғы жылдың 17 қарашасынан бастап Алматыда XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді. Шараның байқау бағдарламасы режиссердің танымал картиналарының атымен аталған үш бөлімнен тұрады – «Тоғысқан тағдырлар», «Атамекен», «Біз осында тұрамыз».

Әлемдік режиссерлардың таспалары көрсетілетін «Тоғысқан тағдырлар» бағдарламасына режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» отандық фильмі енді.

Рөлдерде: Жалғас Кланов, Ерік Тазабеков, Руслан Өсербаев, Бақдәулет Сағындықов, Жасұлан Өсербаев

Оқиға ағайынды бесеуден құралған отбасы тұратын кішкентай ауылда өрбиді. Олар өркениеттен алыс өмірге үйреніп қалды. Бірақ, бір күні оларға қонаққа қаладан бір ер адам келеді, содан кейін олардың өмірлері өзгеше күйге енеді.

«Атамекен» бағдарламасына келесі картиналар енді:

«Тұлғалық өсу тренингі»

Режиссері: Фархат Шәріпов

Рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов

Ер азамат Қанат күйзелістен шығу үшін адамдарды дамуға жетелейтін тренингке қатысады. Кейін ол бұрынғы досы Даниярды жолықтырады, ол оған ерекше әсер етеді.

«Талан»

Режиссері: Болат Қалымбетов

Рөлдерде: Ерік Жолжақсынов, Ержан Нұрымбет, Оңдасын Бесікбасов, Асан Мәжит

Сюжеті әскери диктатура уақытында 30-40-жылдары өрбиді. Ата-аналарынан айырылған екі дос екі жаққа кетуге мәжбүр. Алайда, тағдыр оларды қайта қосады, енді кейіпкерлерге қиын шақта тірі қалу үшін таңдау жасауға тура келеді.

«Біз осында тұрамыз» категориясынан көрермендер отандық өндірістің 9 таспасын тамашалай алады.

«Алтын Емел»

Режиссері: Олег Белялов

Деректі картина Алтын Емел Ұлттық мемлекеттік табиғи қорығының бай табиғаты мен сонда мекендеушілер жайлы баяндайды.

«Әруақ»

Режиссері: Хуат Ахметов

Рөлдерде: Асанәлі Әшімов, Нұрмұхаммед Асқар, Азат Сейтметов, Жасұлан Көпберген

Ағатай есімді жалғызбасты қарт тыныш жерде өмір сүріп, кішігірім шаруашылығымен айналысып жүреді. Бір күні ол балалар үйінен қашып кеткен балақайды жолықтырып, асырап алады. Содан бастап үлкен және кіші адамның өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырайды.

«Балуан Шолақ»

Режиссері: Нұргелді Садығұлов

Рөлдерде: Еркебұлан Дайыров, Медғат Өмірәлиев, Александр Багрянцев және Жанель Мақажан

Фильм қазақ балуаны және композиторы Нұрмағамбет Баймырзаұлының өмірі жайлы баяндайды. Бір күні музыкант өз күшін күресте сынап көреді де, жеңіске жетеді. Содан кейін халық оны Балуан Шолақ деп атап кетеді.

«Үнсіздікте»

Режиссері: Ардақ Әмірқұлов

Рөлдерде: Айсұлу Әзімбаева, Руслан Әмірқұлов, Дара Мұхан, Айнұр Рақымжанова және Нұрзат Тимур.

Сюжетте ауылға баратын ер азамат туралы баяндалады. Ол туған ауылынан бір кемпірді жолықтырады да, үйіне апарып тастауға тырысады. Оны алда үнсіздікке толы жол күтіп тұр.

«Әкеге қоңырау шалу»

Режиссері: Серік Апрымов

Рөлдерде: Айзада Сатыбалдиева, Ерболат Оспанқұлов, Жігер Мырзабек, Нұрлан Жұмағали, Темірлан Қисықбаев.

Еркен – ерекше бала. Қатарластарынан қарағанда, ол шынайы өмірді қиялымен шатастырады, содан кейін оны қарапайым мектепке алмайды. Шарасыз күйге түскен анасы отбасын тастап кетеді, ал Еркен әкесімен қалады.

«Түнгі құдай»

Режиссері: Әділхан Ержанов

Рөлдерде: Баймұрат Жұманов, Максим Богомолов, Константин Козлов

Адамдар аспаннан құйрықты жұлдыздың сұлбасын жиі көре бастады, ал жер астынан гуіл естіледі. Екі еркек жұмыс арасында осы құбылыстар туралы айта бастады. Біреуі осы жағдайға қызығушылық танытса, екіншісін мүлдем қызықтырмайды. Сонымен, мұндай түсініксіз оқиғалардың артында кім немесе не тұр?

«Шыңырау»

Режиссері: Жаңабек Жетіруов

Рөлдерде: Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов

Құдық қазушы Еңсеп қарапайым өмір сүреді. Ол ақылды, ақкөңіл және өте еңбекқор. Алайда, ұлы Жомарт әкесіне көмектескісі келмейді, өйткені махаббатпен ауырып жүр. Кейіпкерлердің оқиғалары арқылы көрермендерге өркөкіректік, сатқындық пен махаббат секілді адами кемшіліктер көрсетіледі.

«Қазақ биі»

Режиссері: Ғазиз Насыров

Балерина Жанель Ұланованың шығармашылығы арқылы фильмде қазақ ұлттық биінің қалыптасуы баяндалады.

«Күлтегін»

Режиссері: Адай Әбелдинов

Рөлдерде: Мерей Әжібеков, Азамат Қанапия, Бақытжан Жармұхамбетов, Гүлназ Әуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, Нүкетай Мышбаева

Түрік қағанатына жау шауып, басшысы Елтерес қағанды өлтіреді. Оның ұлы Күлтегін қашып кетеді. Уақыт өте келе ол Көк Бөрі және Білге қағанмен бірге халқын қорғап, ұлы мемлекетті сақтап қалуға тырысады.

 

Кинофестиваль бағдарламасының кестесін мына жерден көруге болады.

 

Шәкен Айманов ХКФ 21 қараша күні аяқталады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер