È

«Жетінші» арнадан «Зың-зың Күлпәш» ситкомы көрсетіле бастады

«Жетінші» арнадан «Зың-зың Күлпәш» ситкомы көрсетіле бастады

«Жетінші» арнадан «Зың-зың Күлпәш» ситкомы көрсетіле бастады. 16 бөлімнен тұратын ситком жақындарына көмектесемін деп жүріп, қызықты оқиғаларға тап болатын ақкөңіл ауыл тұрғыны жайлы баяндайды.

Күлпәш - «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театрының сахнасында туындаған белгілі кейіпкер. Оны ұзақ жылдар бойы актер Берік Тұрсынбеков сомдады. Танымал образды телеэкранға көшіруге режиссер Жандос Еспенбет жетекшілігіндегі шығармашылық топ кірісті. Хикаямен қоюшы-оператор Еркін Сәтенов, сценарист Кенжебек Шайқақов және композитор Асқат Жақыпов айналысты.

Ситкомға театр және кино актерлары Нұржан Төлендиев, Жүсіп Ақшораев, Жұлдызай Дүйсенбиева, Қаракөз Тілеубекова, Жанатбек Бәйтеков, Ерболат Төлегенов, Ғалымжан Қалмырзаев және Дана Мақатаева түсті. Эпизодтардың бірінен қазақстандықтарға «Келін» хикаясы арқылы танылған белгілі үнді актрисасы Авика Горды көруге болады.

«Зың-зың Күлпәш» хикаясы дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 21:10-да көрсетіледі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер