È

Телеэкранға «Теміржол» хикаясы шығады

Телеэкранға «Теміржол» хикаясы шығады

Qazaqstan телеарнасы көрермендерге «Теміржол» атты драмалық хикаясын дайындап қойды. 8 бөлімнен тұратын қылмыстық драма көремендерге екі күні бойы – 13-14 қаңтар күндері көрсетіледі.

«Теміржол» сюжетінде жолсеріктер күн сайын түрлі оқиғалардың куәсі болады. Олар жол жүріп келе жатып, көпшілікпен танысады, достары мен махаббаттарын жолықтырады, кейде өмірлеріне қауіп төндіретін оқиғаларға да тап болады. Кейіпкерлер оқыс жағдайлардан қалай шығады екен? Мұны көрермен жақын арада білетін болады.

Хикая кейіпкерлерін Мақсат Жақып, Гаухар Әділова, Бақтияр Байсерік («Мажорлар»), Адина Бажан және Сәбит Мұстафа сомдады.

Картина түсірілімі 2017 жылдың қазан айында өтті. Көпсериялы кино Алматыда түсірілді. Телефильммен қазақстандықтарға «Super Той» комедиясы арқылы танылған режиссер Ғалым Асылов және қоюшы-оператор Юрий Щербинин айналысты.

«Теміржол» эфирге 13 қаңтарда сағат 15:20-да және 14 қаңтар күні сағат 16:00-де шығады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:22

Трейлер понравился, необычно. Значит интересно.

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер