«Көзайым» хикаясының үшінші маусымының түсірілімі басталды
Bas Dala Group компаниясы «Көзайым» хикаясының үшінші маусымының түсіріліміне кірісіп кетті. Жаңа бөлімнің қоюшы-режиссері ретінде Мақсат Оспанов жұмыс істейді. Алдыңғы маусымды қоюмен Ақжол Әбілов және Жасұлан Пошанов айналысқан болатын.
«Көзайым» хикаясы Көзайым есімді қыз жайлы баяндайды. Кейіпкердің өмірінде үнемі талмай күресетін көптеген кедергілер кездеседі. Отбасылық қиындықтар, қарым-қатынастағы сәтсіздік, сатқындық пен достық - Көзайымның алдағы тағдырына әсер етеді.
Көпбөлімді драмадағы рөлдерді Ақниет Беласарова, Батыр Байназаров және Нұрлан Әлімжанов сомдады.
Бірінші маусымның көрсетілімі 2017 жылдың наурызында өтті, ал екінші маусым көрермендерге сол жылдың қарашасында ұсынылды. Фильм көрсетілімі Qazaqstan телеарнасының эфирінде өтті.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін