È

Назым Әбілдина мен Асқар Ахмет «Оралу. Сау бол, Америка» хикаясына түсіп жатыр

Назым Әбілдина мен Асқар Ахмет «Оралу. Сау бол, Америка» хикаясына түсіп жатыр

Шелек (Алматы облысы) ауылында «Оралу. Сау бол, Америка» атты көпбөлімді жаңа фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Жобаның режиссері Дамир Тастембеков болды. Бас продюсері – Баян Алагөзова.

Таспа ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрған Алан есімді этникалық қазақ туралы баяндайды. Жас жігіт атасының ауырып қалуына байланысты Қазақстанға келеді. Енді ол туған жерінің мәдениетіне үйренуі тиіс.

Назым Әбілдинаның жеке Instagram парақшасынан
Назым Әбілдинаның жеке Instagram парақшасынан

Басты кейіпкердің рөлі RenZo тобының әншісі Асқар Ахметке, ал оның серіктесі КешYou тобының әншісі Назым Әбілдина болды.

Сонымен қатар, комедиялық хикаяға Айгүл Иманбаева, Гүлбахрам Байбосынова, Алмат Сақатов түсуде.

Көріністердің бірінде Назым тауықты мүшелеуі тиіс, әртістің қимылына қарасақ, ол мұны бірінші рет жасап отырған сияқты.

Айгүл Иманбаеваның жеке Instagram парақшасынан
Айгүл Иманбаеваның жеке Instagram парақшасынан

«Барлығы адамзат үшін. Шынымды айтсам, оны қалай жасау керектігін көрген едім, бірақ көру бір басқа, ал өзің істеп жатып, сонымен қатар ештеңе болмағандай ән айту тіпті бөлек. Эхх, барлығы менің жануарларға деген махаббатым ғой. Жүрегім әлі соғып жатыр», - деп жазды әнші өзінің Инстаграм парақшасына.

«Оралу. Сау бол, Америка» 10 бөлімнен тұрады және биыл «КТК» телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетсек, жуырда отандық айналымға Баян Алагөзованың «Тағдыр бекеті» картинасы шығады.

 

Превью: Назым Әбілдинаның жеке Instagram парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:05

думаю будет смешно

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер