Қорықпа, ең бастысы аңызға сен!
Күзде отандық көрермендер «Доверяй легендам» деп аталатвын жаңа қорқынышты фильмді тамашалай алады. Идея мен сценарий авторлары - жас дарындар Әбубәкир Самрат, Айдос Сейтбенбетов, Данил Паныч және Рауан Аңдасбаев. Картинаның режиссері және продюсері – Әбубәкир Самрат. Екінші продюсері - Рауан Аңдасбаев.
Толықметражды фильм ерекше дүниені іздеп жүріп құпия орманға тап болған қызыққұмар студенттер жайлы.
«Біздің фильмнің жанрын нақты қорқынышты фильм деп айта алмаймыз. Бізде аралас триллер, слэшер мен хоррор қосындысы болып шықты. Көрермендер картинаны жоғары бағалайды деп үміттенеміз. Өйткені жоба шын мәнінде қызық, біздің елімізде әзірге мұндай фильм түсірілген жоқ», - дейді идея автор және дыбыс режиссеры Айдос Сейтбенбетов.

«Доверяй легендам» фильмінің түсіру тобы
Негізгі кейіпкерлерді ойнағандар: Ерболат Тоғузаков, Даяна Максим, Серік Баембаев, Мейірман Әбдраимов, Арина Палатова, Жасұлан Өмірбек, Владислав Масягин.
«Бұл фильм - үлкен кинодағы менің дебютім. Мен комапниядағы ең көңілді адамды ойнадым. Жалпы түсірілім ұйымшылдықпен өтті, бәріміз достасып кеттік. Таудағы түсірілім күндері есте қаларлықтай қызықты өтті. Біз фильмге түсіп жатқандай емес, жай ғана демалып жүргендей сезімде болдық», - дедйі Мейірман Әбдраимов.
Түсірілім 1 маусымда басталып, бір айға созылды. «Доверяй легендам» фильмі қыркүйекте прокатқа шығады. Фильм көрерменге қызық болады деген үміттенеміз.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін