Оман Сұлтандығында қазақстандық кино апталығы өтеді

Оман Сұлтандығының астанасы Масқат қаласында қазақстандық кино апталығы басталды. Алғаш рет Таяу Шығыс тұрғындарына белгілі қазақстандық режиссерлардың фильмдерін көрсетпек. Фестиваль 5 мамырға дейін жалғасады.
Шетелдік көрермендерге Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі ұсынылатын болады. Таспаның оқиғасы өткен жүзжылдықтың 30-40-жылдарының айналасында өрбиді. Бас кейіпкер тағдырдың жазуымен туған жерін тастап кетуге мәжбүр болады. Ол жылдар бойы өз үйіне оралуды аңсайды. Сондай-ақ, Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі өтеді. Фильм Қазақ хандығының құрылуы мен оның алғашқы хандары Керей мен Жәнібек сұлтандар жайлы баяндайды.

Қазақстандық кино апталығының қонақтары Масқаттың мәдени және іскерлік қоғамдастығы және Оманда тұратын Қазақстан азаматтары болмақ.
Айта кетейік, көрсетілім «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында өтеді.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін