«Жоқ, жоқ, жоқ, иә»: Себастиан Стэн және Джейми Дорнан Шейлин Вудлимен романтикаға дайын
Актерлар Себастиан Стэн («Кек алушылар: Мәңгілік соғыс», «Тоня барлығына қарсы шығады») және Джейми Дорнан («Бостандықтың елу реңкі», «Жадовиль қоршауы») режиссер Дрейк Доримустың («Зои», «Жаңалық») «Жоқ, жоқ, жоқ, иә» атты жаңа романтикалық жобасында Шейлин Вудлидің («Тосын апат», «Үлкенді-кішілі өтірік» хикаясы) экранды кейіпкерінің жүрегін жаулап алуға дайын. Бірақ, таспаның дәл осы атпен шығатыны нақты емес.
Шейлин Вудли бұрынғы жігітімен айырылысқан суретшіні сомдайды, бірақ оның қарым-қатынастағы үзілісті қалауы сәтсіз аяқталады. Оның басынан бірден екі роман өтеді. Біреуі көркем амбициялы қабілеті бар жазушы (Джейми Дорнан) болса, екіншісі – өзіне шексіз ғашық бұзық жігіт (Себастиан Стэн).
Дрейк Доримус әрдайым басты рөлдерді сомдайтын жұлдыздарға тиімді кастинг өткізуді біледі. Оның «Ессіз секілді» жобасына жас Дженнифер Лоуренс пен Фелисити Джонс, «Теңдейде» - Кристен Стюарт пен Николас Холт, биыл айналымға шыққан «Зои» интеллектуалды фантастикасына Юэн МакГрегор мен Леа Сейду түскен болатын. Дегенмен, титрдағы әсерлі есімдерге қарамастан, Доримустың таспалары әзірге үлкен коммерциялық табысқа жете қойған жоқ.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін