È

Nomad Stunts «Тобол» тарихи фильмінің түсіріліміне қатысады

Nomad Stunts  «Тобол» тарихи фильмінің түсіріліміне қатысады

Nomad Stunts каскадерлық тобы «Тобол» тарихи фильмінің түсіріліміне шақырылды. Отандық каскадерлер төбелес, семсерлесу секілді түрлі трюктерді және ас үстіндегі трюктерді орындайды.

«Тобол» - ресейлік режиссер Игорь Зайцевтің жұмысы, фильм Тобол губернаторы Матвей Гагарин менжоңғар ханы Анхудай арасындағы кикілжің жайлы.

««Тобол» фильмінің түсірілміне қатысу туралы ұсыныс 2016 жылдың күзінде түсті. қазіргі кезде дайындық жұсыстары жүріп жатыр: жаңа трюктер әзірлеудеміз, төбелес көріністерін ойластырудамыз. Фильмнің каскадерлық тобында қазақстандық және ресейлік мамандар жұмыс істейді. Nomad Stunts-тен 54 адам қатысады», - дейді каскадерлық топтың жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов.

Төбелес көріністерінен басқа отандық каскадерлер барлық пиратехникаға жауапты, жарылыс, риггинг секілді әрекеттер. Жайдарбек Күнғожиновтың айтуынша, топ қызықты деген «фишкалар» ойлап табуға тырысып жатыр, олар өте әсерлі әрі көрерменнің есінде қаларлықтай болуы керек.

21ақпанда режиссер Игорь Зайцев қойылатын трюктер мен техникалық әдістерді талқылау үшін Алматыға келеді

Тарихи фильмнің түсірілімі наурыз айында Тобольскте басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер