È

Nomad Stunts Үндістанда

Nomad Stunts Үндістанда

Nomad Stunts каскадердық тобының қатысушылар «Бахубали 2: Заключение» үнді фильмінің түсіріліміне қатысады. Трюктерді қоюшы Манас Джанышев және хорс-мастер Дәурен Жүнісов трюктерді қоюшы халықаралық Hitz International тобының жетекшісі Энди Хриктің арнайы шақыруымен барды. Nomad Stunts жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов, өзі де топ құрамында.

Картинаның түсірілімі Ramoji Film City студиясында түсірілуде.

«Маған мұндағы атқа міну біздің дәстүрлі атқа міну мектебінен өзгеше екені үлкен жаңалық болды. Басында қиындықтар болды, бірақ қазір үйреніп қалдық, үнді киноөндірісі турады толығырақ ақпарат алудың мүмкіндігі туды. Бұл жобаға қатысу біз үшін өте қызық», - дейді Манас Джанышев.

«Бахубали 2: Заключение» - осы аттас тарихи фильмнің жалғасы, мұнда билік мұрагерінің қиын тьағдыры баяндалады. Басты кейіпкер мен персонжадардың бірін трюктерді қоюшы Манас Джанышев дубляж жасайды.

«Біз атқа қатысты барлық трюктерді жасаймыз. Ауа-райының қолайлылығы бізге жақсы боллы, қырық градустық ыстық жоқ. Біз жауын-шашын маусымына тап келдік, сондықтан әзірге жеңіл жұмыс істеп жатырмыз», - дейді Nomad Stunts хорс-шебері Дәурен Жүнісов.

Айта кетейік номадтықтар Үндістанда бірінші рет фильмге түсіп отырған жоқ. 2006 жылы олар «Испытания королевского стрелка Шарпа» британдық жобасының түсіріліміне қатысқан болатын.

Каскадердық топ қазақстандық, ресейлік, америкалық, түрік жобаларына қатысады.

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер