È

«Бродвей» жаңалықтары Kaz.News-та

«Бродвей» жаңалықтары Kaz.News-та

«Бродвей» кәсіби кинопорталының жаңалықтарын Kaz.News қосымшасынан оқи аласыздар. Енді қазақстандық кино жаңалықтарын бақылап отыратын қолданушылар Brod.kz порталының қызықты да, өзекті жаңалықтарын, эксклюзивті материалдарын мобильді қосымшадан оқитын болды.

Kaz.News Қазақстанның ең танымал, ең қызықты деген ақпараттық порталдарының жаңалықтарын жариялайды, сондай-ақ күн сайын әлемде болып жатқан басты оқиғаларды хабарлап отырады.

«Бродвей» - бұл отандық кинемотографистердің еңбегі мен жетістігін нсихаттайтын, әлемдік және қазақстандық кинодағы жаңалықтарды жариялайтын, каинокартиналарға баға беретін ресурс, кино өнері саласындағы белгілі тұлғалардың пікір алмасатын алаң. Сайтта күнделікті жаңалықтардан бөлек, эксклюзивті сұқбаттар, пікірлер, суреттер, бейнерепортаждар жарияланады.

«Бродвей» кинопорталының ерекшелігі сол, мұнда отандық фильмдерді жарнамасыз онлайн көруге болады. Қазіргі кезде Brod.kz. кинотеатрында қысқаметражды фильмдер мен сериалдарды қосқанда 80 кинолента бар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист