È

«Америкалықтар Қазақстанда жаңа киноциклі»

 «Америкалықтар Қазақстанда жаңа киноциклі»

Отандық режиссер Қанат Бейсекеев Алишер Елікбаевпен және Дамир Өтегенмен бірге «Америкалықтар Қазақстанда» деп аталатын жоба жасамақ. Деректі циклда қазақ жерінде үй алып, жұмыс істеп, отбасын құрған америкалықтар туралы баяндалады.

«Америкадықтар Қазақстанда» жобасының алғашқы кейіпкерлерінің бірі Майкл Барнетт. Оның қазақстанға келуіне себеп болған музыкаға деген махаббаты. Бірде Майклдың Қазақстанда шоуларды ұйымдастырушы болып жұмыс істейтін жақын досы Стив Маршеллдың елге мүмкіндігі болмады. Сонымени кейіпкерге Астанадағы шоуды өзі өткізуге тура келді. Бүгінде ол павлодарда тұрады, отандық мәдени іс-шаралар мен тойларда өнер көрсетеді. Қазақстанға келген Майкл өзінің сүйікті кәсібімен айналысып қана қоймай, болашақ жарымен де танысты.

Қанат Бейсекеев бұған дейін «Қазақстандықтар АҚШ-та» деректі фильмдер сериясын ұсынған болатын, бұл 12 оқиғадан тұрады. осы аптада оның «Bala» деректі фильмінің тұсаукесері болды, бұл фильм Америка азаматтары асырап алған қазақстандық балалар жайлы.

Қызықты кейіпкерлері бар жаңа сериялар айына бір реті желіде жарияланады.

 

Аруна Алимтаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер