È

«В поисках мамы» фильмінің жаңа саундтрегі

Новый саундтрек к фильму «В поисках мамы»

Желіде «В поисках мамы» фильмінің тағы бір саундтрегі пайда болды. Жаңа «Қара бала» композициясының орындаушысы отандық әнші Нұржан Керменбаев. Музыкалылқ клипте фильмнің жарқын сәттерінен кадрлар бар, сондай-ақ Тәуекел Мүсілім мен Азамат Уланов тамаша би билейді.

«В поисках мамы» комедиялық лентасы - қырғыз режиссеры Руслан Акунның Азамат есімді жетім бала туралы оқиғасы. өзінің туған анасын іздеп бала сонау Америкаға аттанады. Бейтаныс елде ол Даниярмен танысады. Кейіпкерлер бір-бірімен келісім жасайды: Азамат даниярға көп ақша табуға көмектеседі, ал ол оның анасын табуға көмектесуі тиіс. Кейіпкерлерді қызықты шытырман оқиғалар күтіп тұр, осы кезде олар шынайы достықтың бағасын біледі.

Фильмнің негізгі актерлық құрамы көпұлтты болды. Басты рөлде қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім, қырғыз актеры Азамат Уланов және америкалық актер Майкл Мапонго.

«В поисках мамы» фильмі аз ғана уақыттың ішінде үлкен танымалдыққа ие болды, қазіргі кезде Қазақстандағы прокатта көшбасшылар қатарында тұр.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

5 наурыз 2017, 19:49

Капкарашка поет про кара бала)))

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер