È

«НТК» Қазақстандағы ең ұзақ хикаяны ұсынбақ

«НТК» Қазақстандағы ең ұзақ хикаяны ұсынбақ

29 қарашадан бастап «НТК» телеарнасынан Bas Production компаниясымен түсірілген «Бақытсыздар бағы» хикаясы көрсетіле бастайды. Бас продюсері - Ақылбек Досжанов.

Айгүл Ақсамбиева бас режиссер болды. Сондай-ақ, жобамен үш түсірілім тобы айналысты, әрқайсысына қоюшылар Шапағат Орынбаев, Анаргүл Ыдырысова және Рахман Кенжебаев басшылық етті.

Береке Спатованың жеке Instagram парақшасынан
Береке Спатованың жеке Instagram парақшасынан

Сюжеті ауылдан үлкен қалаға келетін Ботагөз жайлы баяндайды. Ол Рүстемді жолықтырады да, араларында махаббат пайда болады. Алайда, олар басқа адамдар жасаған күнә үшін жауап беріп, махаббаттары үшін күресуге мәжбүр болады. Басты кейіпкерлер сыртқы әлемнің қатігездігіне қарамастан, жылы сезімдерін сақтай ала ма?

Таспа 120 бөлімнен тұрады, бір шығарылымның хронометражы - 70 минут. Рүстем мен Ботагөздің рөлін актриса Индира Құлмағанбетова және Ерлан Құлмұрзин сомдайды. Көпбөлімді картинаға Дана Кентай, Еркебұлан Тоқтар, Жұлдыз Өмірғали, Данияр Қожахан, Ерлан Малаев және Әйгерім Қалмұратова атсалысты.

Анаргүл Ыдырысованың жеке Instagram парақшасынан
Анаргүл Ыдырысованың жеке Instagram парақшасынан

«Менің хикая түсірілімдерінен тәжірибем жоқ. Әрине, 4-5 бөлімнен құралған картиналар болды, бірақ мына жақта атмосфера мүлдем бөлек. Режиссерге ең қажетті дүние – төтенше сұрақтарды жылдам шешу қабілеті. Біз төртеу болғандықтан, кастингке қатысты сұрақтар да көп болды. Қазір менің тобымда өзім таңдаған актерлар жұмыс істеп жатыр», - деді Шапағат Орынбаев.

«Бақытсыздар бағы» хикаясы – украиндық хикаяның франшизасы. Авторлар сценарийге бірнеше өзгертулер енгізіп, қазақ мәдениетімен және ділімен толықтырған.

Желіге Дана Кентайдың «Сағынба оны» әніне түсірілген бейнебаяны шықты, бұл осы жобаның саундтрегі болып табылады.

 

 

Превью: Нұрқанат Молдаханның жеке Instagram парақшасынан

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер