È

Нұртас Адамбай сценарийлер байқауын жариялады

Нұртас Адамбай сценарийлер байқауын жариялады

Nurtas Production киностудиясы сценарийлер байқауын жариялады. Жеңімпаз Нұртас Адамбайдың тобында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, ал оның сценарийімен толықметражды фильм түсіріледі.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 20-шы сәуір мен 6-шы мамыр аралығында өтініштер қабылданады. Байқауға қатысу үшін фильмнің синопсисін жазу керек (кез келген жанрда) және оны А4 форматтағы қағазға сыйдыру қажет болады (қаріпі -TimesRoman 12). Сондай-ақ, өзі жайлы мәліметтерді қоса кету керек: ТАӘ, жасы, қаласы және байланыс номері. Жұмыстарды info.nurtaspro@gmail.com поштасына жіберу қажет.

 

Бірінші кезеңнің қорытындысы 2018 жылдың 7 мамырында белгілі болады.

Ұйымдастырушының хабарлауынша, байқауға Қазақстан және ТМД елдерінің кәмелетке толған азаматтары қатыса алады.

Айта кетейік, Nurtas Production киностудиясы 2014 жылы құрылған болатын. Осы жылдар ішінде киностудия 6 толықметражды фильм шығарды: «Сәбина келін», «Сәбина келін 2», «Ауылдан қашу: Махаббат операциясы», «Тараз» және «Мен - күйеу жігітпін!». Студия қазір «Құдалар» комедиясын түсірумен айналысуда.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 апреля 2018, 01:52

Хорошая идея. Было бы круто.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер