È

Нұртас Адамбай «Құдалар» комедиясында қайтадан әйел образын алып шықпақ

Нұртас Адамбай «Құдалар» комедиясында қайтадан әйел образын алып шықпақ

Nurtas Production компаниясы «Құдалар» комедиялық таспасының түсіріліміне кірісті. Фильмге Нұртас Адамбай түсіп жатыр, ол қайтадан әйел образын алып шықпақ.

«Құдалар» комедиясы Астана мен Шымкенттегі құдалар жайлы баяндайды, олардың балалары үйленуге бел буады. Біріншіден, Жаннет пен Толик қыздарын министрдің ұлына тұрмысқа шығады деп ойлаған, екіншіден, ұлдары үйге барлық дәстүрлер мен салтты сақтаған қызды әкеледі деген екен. Үйлену тойына дайындық құдалар арасындағы нағыз шайқасқа айналуы мүмкін.

Жобада Нұртас Адамбай Астаналық құдағи Жаннетті сомдайды. Алайда ол актерлік ойынмен ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар, Адамбай фильм режиссері, продюсері және сценарий авторы болды.

Сондай-ақ, отбасылық комедия кейіпкерлерін Жан Ізбасар, Райхан Қалиолдина, Дархан Дайырбек, Динара Бақтыбаева және Олжас Рымбаев сомдайды.

Отбасылық комедия түсірілімі Алматыда өтіп жатыр және 25 сәуірге дейін жалғаспақ.

Еске сала кетсек, «Құдалар» - Nurtas Production компаниясының жетінші толықметражды жобасы. Алдыңғы картиналары: «Сәбина келін», «Сәбина келін 2», «Ауылдан қашу: «Махаббат» операциясы», «Тараз», «Жеделсаты» және «Мен – күйеу жігітпін».

«Тараз» фильмін «Бродвейден» онлайн түрде көре аласыздар.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

3 апреля 2018, 01:59

ради кино, что только не сделаешь

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер