È

Нұртас Адамбай жаңа фильмге сценарий жазып жатыр

Нұртас Адамбай жаңа фильмге сценарий жазып жатыр

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай көрермендерге «Құдалар» атты жаңа комедия дайындап жатыр. Адамбай сценарий жазуға кірісіп кетті. Бұл туралы ол Facebook-тағы жеке парақшасы арқылы хабарлады.

«Көптен бері осы жерге жазбай кетіп едім. «Құдалар» атты жаңа комедияның сценарийін жазып жатырмын. Түсірілімді көктемге жоспарлап отырмыз. Сондықтан, достарым мені жоғалтып алмаңыздар. Менің белгілі себебім бар. Жазып бітірген соң, қайта ораламын», - деп жазған режиссер.

Нұртас «Құдалар» туралы алғаш рет «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасында айтқан болатын. Сол кезде продюсер жаңа комедия түсіру үшін драма түсірілімін кейінге шегергенін жеткізген еді.

Картинада қандай актерлардың ойнайтыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, осы көктемде Нұртас Адамбайдың «Мен – күйеу жігітпін» фильмі айналымға шығады.

 

Превью: Нұртас Адамбайдың Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды

 

4 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

29 января 2018, 17:22

Ждем новое чудо!

Maxim Bogomolov

29 января 2018, 23:33

Круто!

Дания Кузембаева

1 февраля 2018, 14:55

Трудяга!

Мырзахмет

16 мамыр 2018, 23:07

пиши, ты это умеешь

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер