È

Нұртас Адамбай: «Жаңа драманың түсірілімін кейінге шегердік, бұл жолы комедияны жарыққа шығарамыз»

Нұртас Адамбай: «Жаңа драманың түсірілімін кейінге шегердік, бұл жолы комедияны жарыққа шығарамыз»

Brod.kz-тің YouTube-арнасында «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасының екінші шығарылымы жарыққа шықты. Студия қонағы режиссер, сценарист әрі актер Нұртас Адамбай әлеуметтік бағытымен, отансүйгіштік мағынасына қатысты ойымен және кинодағы жоспарларымен бөлісті.

«Біз бір драманың түсірілімін бастауымыз тиіс еді. Бірақ, жеке студия ((Nurtas production – ред.) болғандықтан, өз-өзімізді қаржыландыру үшін коммерциялық жобалармен айналысуға мәжбүрміз. Мемлекет кезекті бір тарихи жобамен айналысып жатыр. Сондықтан, жаңа драманың түсірілімін кейінге шегеріп, комедия түсіреміз деп шештік. Бұл идеяны Тимур Бекмамбетовке жеткіздім. Оған комедиямыз да, драмамыз да ұнады. Егер Ресейде барлығы орнымен болса, драманы сол жақта, ресейлік актерлармен бірге түсіреміз. Әрине, біраз қынжыласың, себебі хикаяны өзіміздің шындығымызға қарай шығардық қой. Бірақ, Қазақстанда бұл жобаға атсалысатын инвесторлар табылмады. Оның үстіне, барлығына бұл киноның қоғамға қажеттілігін түсіндіріп, қол созып сұрағың келмейді»,- деді әңгіме барысында Нұртас.

Еске салсақ, «Кинокафе Әзиз Бейшеналиевпен» бағдарламасы продюсер әрі «Бродвей» кәсіби кинопорталының негізін қалаушы
Әнуар Кенжибаев, режиссер Жаннар Шураева және редактор Елена Кигайдың басшылығындағы шығармашылық топтың негізінде жүзеге асты. «АЮ синема» кинокомпаниясы және продюсер Данияр Ибрагимов техникалық қолдау білдірген.

Бағдарлама қонақтарына арналған сұрақтарыңыз бен тілектеріңізді бейнежазба астына пікір ретінде қалдыруға немесе kinocafe@brod.kz мекен-жайына жіберуге болады.

 

 

 

Превью: Informburo.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса