È

Нұртас Адамбай «Жеделсаты» фильмін таныстырды

Нұртас Адамбай «Жеделсаты» фильмін таныстырды

11 қазан күні айналымға режиссер Нұртас Адамбайдың «Жеделсаты» отандық фильмі шығады. Картинадағы басты рөлдерді Жандос Айбасов және Иісбек Әбілмәжінов сомдады. Жақында таспаның тұсауы кесілді, тұсаукесерде авторлар жобаның жұмыстары жайлы, триллер түсіріліміндегі қиындықтар туралы айтып берді.

Фильмдегі оқиға жеделсатыда өрбиді, оған екі адам: табысты кәсіпкер Тимур мен ғимарат күзетшісі Асқар қамалып қалады. Біріншісі барлық мәселені ақшамен шешуге болады деп сенеді. Екіншісі заманауи қоғамдағы әділетсіздікке күйінеді. Олар бірге 3 күнді өткізгендіктен, бір-бірімен тіл табысуға мәжбүр болады.

«Тараздан» соң осы тектес фильмдер түсіру мен үшін комедиялардан гөрі қызығырақ екенін түсіндім. Мен өзімді осы бағытта дамытып көргім келеді», - деді Нұртас Адамбай.

«Жеделсаты» фильмінен көрініс

Режиссер оператор Азамат Дулатовпен әңгімелескеннен кейін картина идеясының дүниеге келгенін жасырмады. Ол кезде таспаны 15 мың доллар бюджетпен 6 күннің ішінде түсіруге болады деп ойлаған. Бірақ, нәтижесінде түсірілім 14 күнге созылды, ал бюджеті 100 мың долларға жуық болды.

Бұл - Нұртас Адамбайдың өз актер ретінде қатыспаған бірінші фильмі. Ол: «Мен өзімді жақсы білемін және кәсіпкер рөлі мен үшін емес. Негізі, фильмге түспей, монитор алдында отырған жақсы екен. «Жеделсаты» түсірілімі кезінде мен өзімді алғаш рет нағыз режиссер сезіндім», - деді Нұртас Адамбай.

Басты рөлдердің бірін Иісбек Әбілмәжінов сомдады. Оған жалғызбасты, қарт Асқардың рөлі бұйырды. Актердің айтуынша, оған көптеген әлеуметтік мәселелер қозғалған сценарий бірден ұнаған. Оған рөлге ену қиын болмапты, себебі образ өмірден алынған.

«Жеделсаты» фильмінен көрініс

«Жеделсаты» фильмінен көрініс

Еске салсақ, алдыңғы жолы Нұртас Адамбай 50 мың доллар бюджетті құрайтын «Мен – күйеу жігітпін» комедиясын ұсынған болатын. Ал осы жылдың желтоқсан айында көрермендер «Құдалар» атты жаңа фильмді тамашаламақ.

 

«Жеделсаты» фильмін көру үшін ыңғайлы кестені кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

Превью: «Жеделсаты» фильмінен көрініс

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер