È

Нұртас Адамбай жақында «Әкім» комедиясының түсіріліміне кіріспек

Нұртас Адамбай жақында «Әкім» комедиясының түсіріліміне кіріспек

Алдағы жазда Nurtas Production кинокомпаниясы «Әкім» комедиясының түсіріліміне кіріседі. Фильмнің қоюшы-режиссері, продюсері және сценарий авторы Нұртас Адамбай болмақ. Бірақ, авторлар басты рөлді сомдайтын актерді әлі таба қойған жоқ.

Адамбайдың айтуынша, картина кейіпкерін өзі сомдағысы келген екен. Алайда, бір уақытта актёр әрі режиссер болу қиын шаруа. Сондықтан, ол осы жобада демалып, алаңда тек режиссер болып қалғысы келді. Адамбай әлеуметтік желінің мүмкіндігін пайдалана отырып, оқырмандарынан жаңа комедиядағы әкім рөлінен кімді көргілері келетінін сұрап алды.

«Осы жазда біз аты даңғарадай «Әкім» деген жаңа фильміміздің (комедия) түсіріліміне кіріспекпіз. Басты рөлдерді сомдайтын актерларды таңдау барысында қиындыққа жолықтым. Бастапқыда басты рөлді өзім сомдағым келген, бірақ кейін сценарий жазу мен продюсерлікті санамағанда, картинаның жәй ғана режиссері болуды ұйғардым. Басты рөлге келетін бірнеше актерді қарастырып қойдым. Бірақ, түрлі адамдармен ақылдаса келе, мына пікірді естідім: «біздің көрермендер бұл рөлден мені көргісі келеді екен». Сондықтан, қазір сценарийді өңдеп жатырмыз, оның соңғы нұсқасы жарыққа шықанша, көрермен пікірін білгім келіп отыр, себебі біз фильмдердің барлығын көрермен, яғни сіздер үшін түсіреміз ғой. Осы картинаның басты рөлдерінен кімдерді көргілеріңіз келеді?» (Орфография мен пунктуация сақталды. – Ред.), - деді Facebook’те продюсер.

Жауап ұзақ күттірмеді. Көпшілігі бұл рөлді Нұртастың өзінен басқа ешкімнің алып шыға алмайтынын жазған. Кейбіреулері үміткер ретінде Нұрлан Қоянбаевты, Жан Байжанбаевты, Тұрсынбек Қабатовты, тіпті Нұрлан Сабуровты атаған.

Нұртас Адамбай нақты шешім қабылдау кезінде барлық пікірлердің ескерілетінін айтып, уәде берді.

Айта кету керек, фильм атауын Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ұсынған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

29 мамыр 2018, 23:36

Когда кастинг?)

Рекомендуем

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

Халықаралық қазылар алқасын Oberhausen ISFF іріктеушісі Кристиана Бюхнер басқарады

Brod.kaz

«Angry Birds в кино» 66 миллионов табыс тауып үлгерді

Қандай фильмдерге қазақстандықтар ақшаны аямайды. 

Айнур

«Қыз жолы-2»

Рейтингі жоғары фильмнің жалғасы түсірілді

Айнур

Жаңа жоба – «Минус 550»

«АйнаОнлайн», «СвиДЕТИли», «Айнасоздык» және «Мисс Чувство Юмора» атты бағдарламаларының авторлары «Минус 550» деп аталатын жаңа сериал түсірді. 

Айнур

Таныс бейне

Саят Исембаев

Актер

Альбина Ахметова

Сценарист

Нұрлан Қоянбаев

Продюсер

Әсел Сәдуақасова

Продюсер

Асқар Ұзабаев

Идея авторы

Елтерес Нұржанов

Актер

Шыңғыс Қапин

Актер

Нұртас Адамбай

Актер