Eurasia Spotlight питчингінің жеңімпаздары жарияланды
Алматыда қазақстандық жобалар арасында «Евразия» ХКФ аясында өткен Eurasia Spotlight питчингі аяқталды. Халықаралық қазылар алқасының сарапшылары он жұмыстың ішінен үш жеңімпазды анықтады.
Прагадағы ТВ FAMU кинемотография университетіндегі Cinema Dance курстарына жолдаманы жеңіп алған Аян Найзабеков өзінің «Безмолвное путешествие» жобасымен.
Картинаның сюжеті саңырау шыл мен оның немересі жайлы. Ауа-райының қатты ыстық уақытында баланың тынысы тарылып, жағдайы нашарлайды. атасы оны көрші ауылдағы дәргерге апармақ болады. Сөйтіп кейіпкерлдер қауіпті сапарға аттанады.

Аян Найзабеков
2 миллион теңге көлемінде қаржылай көмекті «Кубик» студиясынан пост-продакшнға Екатерина Суворова қабыл алды, ол «Из жизни планет» денректі жобасын ұсынған болатын.
Фильмнің басты кейіпкері ескі астрономиялық обсерваторияның қызметкері, ол өзінің өмірін жұлдыздарға арнаған.
Вениамин Илясов үшінші жүлдегер,ол скрипт-консультант қолдауына ие болды, енді оның сценарлық жұмыстарының барлығы ағылшын тіліне аударылады. Режиссер «Английский для начинающих» атты жоба ұсынған еді, мұнда 16 жастағы Марат ағылшын тілінен сабақ беретін Дина есімді мұғаліміне ғашық болады.
Есмтеріңізге сала кетейік, қызлар алқасының құрамына Еуропадағы FAMU ескі киномектептің директоры Джованни Робианно, Torino Film Lab өкілі Ольга Ламонтанара, Neva Research зерттеу компанияфсының басышысы Олег Березин, деректі кино продюсері Самуэль Аубан, CineEuropa интернет-порталының журналист Лаура Чалва, Италия Мәдениет министрлігінің өкілі Сильвия Финацци кірді.
Eurasia Spotlight бесінші интерактивті алаңының ұйымдастырушылары - продюсерлер Анна Качко және Ильяс Ахмет.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін