È

«Обыкновенный человек» Girona Film Festival байқауына қатысады

«Обыкновенный человек» Girona Film Festival байқауына қатысады

Режиссер Ольга Коротьконың «Обыкновенный человек» фильмі Испаниядағы Girona Film Festival байқауының бағдарламасына енді. Кинолента әлемннің түкпір-түкпірінен жиналған 60 жұмыспен бірге қысқаметраажды фильмдер бағдарламасында көрсетіледі.

«Обыкновенный человек» - беті күйіп қалған қыздың оқиғасы. Ол жалғыздықтан және қоғамның өзін қабылдамауынан әбден шаршап, әбден түңіледі. Ол өзін айналасындағылар жақсы көруі үшін құрбандыққа барады, оның әрекеті сәтті болып шықты.

«Фильмнің идеясы қоғамнан шеттетілген ерекше адамдар тақырыбын ашу мақсатында туды. Фильмді ұстамды етуге, кейбір бөлшеутері арқылы барынша көп деректі қамтуға тырыстық. маған оқиғаны детальдармен жеткізген ұнайды, бұл шытырман сюжетті сақтауға септігін тигізеді. Меніңше, шамадан тыс эмоционалдылық негізгі айтар ойдан жағылыстырады», - дейді Ольга Коротько.

Фильмде басты рөлді «Неміс театрының» актрисасы Торри Талгат ойнады. Сценарийді режиссердің өзі Аруан Анартаевпен бірлесіп жазды.

Фильм 2014 жылдың кұзінде басталып, 2015 жылдың басында аяқталды. Бүгінгі күнге дейін фильм көптеген кинобайқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. «Обыкновенный человек» estigious film festival байқауында «Үздік фильм» атанды. 2015 жылы I Filmmaker International Film Festival байқауында картина екі жүлде иеленді, «Қазылар алқасының ерекше назары», жүлденің бірі актриса Торри Талгатқа берілді. Режиссердің вертикальды форматта түсірілген тағы бір жұмысы «Green Shoes», 2016 жылғы 12 Months Film Festival байқауына қатысып, дыбысталуы ең үздік фильм деген атққа ие болды.

1989 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Girona Film Festival биыл 28 қыркүйекте шымылдығын ашады.

Қазір Ольгатолықметражды фильм түсіруге дайындалып жүр. Картинаның қоюшы-операторы Едіге Несіпбеков болады деген болжам бар. Фильмде басты рөлді тағы да Торри Талгат ойнайды.

 

Әйгерім Қасқыр

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса