«Өгей жүрек» «Хабар» телеарнасында
19 қыркүйекте «Хабар» телеарнасы «Өгей жүрек» телесериалын көрсетуді бастады. Картинаға режиссерлық еткен Ернар Нұрғалиев, ал бас продюсері Баян Есентаева.
Бибігүл ұзақ жылдан бері сәби сүюді армандап келді, асыл арманына жетуге де қол созған еді. Алайда сатқындық пен қатігездік оның ана болу туралы арманына балта шапты. Өмірге сенуден қалған, әбден түңілген келіншек өмірін жаңадан бастауға тырысады.
«Менің кейіпкерім өзіме ұнайды. Өте қызықты персонаж, аздап жұмбақтау. Өзі үнемі көңілді жүреді, ылғи да әзілдейді. Бірақ оның күлкісі мен әзілінің ар жағында жасырылған сыр бар. Айналасындағылар оның шын мәнінде кім екенін, жан дүниесі қандай екенін біле бермейді. Меніңше, сериал барысында көрерменің көкейінде менің кейіпкеріме қатысты біраз сұрақтар туындайтыны анық. Шыннымды айтсам, бұл рөл менің бұрынғы рөлдерімнен ерекшеленеді. Кейіпкеріммен екеуміздің мінезіміз қатты ұқсайды», -дейді актер Дәстен Шәкіров өзінің кейіпкері жайлы.

Сондай-ақ Дәстен болшақта тағы да Кәмшат Жолдыбаевамен бірге жұмыс жасауға кетәрі емес екенін айтты. бұған дейін де бірнеше телевизиялық, музыкалық жобаларда жолдары түйіскен.
Сериалға Кәмшат Жолдыбаева, Дәстен Шәкіров, Жәния Калиева, Азат Сейтметов және басқалар қатысты.
Сериалдың кейіпкерлерімен, олардың құпяиалырмен көрермен жұмыс күндері сағат 19:40-та «Хабар» арнасынан таныса алады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін