È

Олжас Нұрбаев «Ауылдастар» хикаясының екінші маусымына түсіп жатыр

Олжас Нұрбаев «Ауылдастар» хикаясының екінші маусымына түсіп жатыр. Қазақстан киносы

Алматы облысында «Ауылдастар» хикаясының жалғасы түсірілуде. Ситкомның режиссері - Дмитрий Қырықбаев. Басты рөлді қазақ көрермендеріне «Қыздар», «Құрбылар», «Болашақ» және «Сырғалым» хикаялары арқылы танымал болған Олжас Нұрбаев сомдайды.

Хикая «НТК» телеарнасынан көрсетіледі.

Комедиялық хикаяның сюжеті бірінші маусымдағы оқиғаны әрі қарай жалғастырады және қашық бір ауылда әскери қызметтен жасырынып жүрген жас жігіттің әрекеттерін баяндайды.

«Бұл комедия болғандықтан, басты кейіпкерлердің мінезін бірден өзгерте алмаймыз. Әрине, өзгертулердің болатыны анық, дегенмен аз ғана. Өз кейіпкеріме келер болсам, ол үнемі қиын жағдайларға тап болып жүреді және достарымен бірге тығырықтан шығар жолды іздейді. Барлық локациялар қала сыртында орналасқан. Алматыда тек бірнеше көріністерді ғана түсіреміз. Біз ауылдан қалаға келген жігіттердің образы секілді әдеттегі контенттен аулақпыз, бізде барлығы керісінше»,-деп айтып берді актер.

Жобаның продюсерлері – Саида Игенбек пен Ақылбек Досжанов. Хикаядағы негізгі рөлдерді отандық көрерменге алғашқы маусым арқылы танылып қалған актерлар: Еділ Анарбай, Арайлым Нұрғожа, Мейіржан Төребаев сомдайды.

«Ауылдастар» хикаясының экранға қашан шығатыны әзірге белгісіз. Айта кету керек, алғашқы маусымның тұсаукесері 2 жыл бұрын болған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер