È

«Оңтүстікке сапар» комедиясының трейлері жарыққа шықты

«Оңтүстікке сапар» комедиясының трейлері жарыққа шықты

 

8 қарашадан бастап отандық айналымға «Оңтүстікке сапар» фильмі шығады. Жобаның режиссері дебютант Ержан Қабдуллин болды, ол бұрын отандық әртістер үшін музыкалық бейнебаяндар түсіріп жүретін.

Комедия бір кәсіпкердің бұйрығымен Алматыдан Шымкентке баратын үш дос жайлы баяндайды. Олар жол бойында жаңа таныстарды жолықтырып, жағымсыз жағдайларға тап болады. Кейіпкерлер бөтен қалада тығырықтан шығар жолды таба алар ма екен?

«Кейіпкерлердің шытырман оқиғалары мен әзілдерден бөлек, фильм кез-келген жағдай мен мәселелерде ештеңеге қарамастан сондай мықты болып қала беретін берік әрі адал достық жайлы баяндайды, бұл біздің кезде сирек кездесетін жағдай», - деді продюсер Арман Райқұлов.

«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс
«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс

Картина продюсерлігімен Арман Райқұлов айналысты. Шытырман оқиғалы комедияның сценарийін Бекзат Дүйсенов пен Нұрсұлтан Төребеков жазды.

Картинадағы рөлдерді Дәулет Бейсембек, Нұрсұлтан Төребеков, Арман Райқұлов, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Оразбеков, Николай Ашуров, Бекзат Дүйсенов сомдады.

Сонымен қатар, көрермендер Мөлдір Әуелбекованы, рэп-орындаушы Baller мен қазақ күресінен Азия және әлем чемпионы Бейбіт Ыстыбаевты көре алады.

«Оңтүстікке сапар» фильмі Алматы-Тараз трассасында және Тараз қаласының өзінде түсірілді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер