«Қош келдің!»
Шымкентте «Қош келдің!» атты жаңа сериалдың түсірлімі жүріп жатыр. Режиссері Шапағат Орынбаев, ал продюсерлері Азамат Садуақасов және Серік Медетбеков.
«Біз романтикалық комедия түсіріп жатырмыз, онда қонақ үйлердің біріндегі өмір суреттеледі. Көрерменді кейіпкерлердің қызықты оқиғалары және махаббат хикаялары күтіп тұр», - дейді Шапағат Орынбаев.

Түсірілім 25 шілдеде басталды, 4 тамызда аяқталады. Түсірілім алаңы Megapolis Hotel Shymkent қонақ үйі.
Ситкомның түсіріміне тәжірибелі актерлермен бірге жас актерлер де қатысады: Жүсіп Ақшора, Ғазиз Ерболат, Азиза Түлкібаева, Серік Медетбеков, Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы, Гүлбану Әбдіғаппарқызы, сондай-ақ эстрада жұлдыздары.

По словам авторовАвторлардың айтуынша, «Қош келдің!» 40 сериядан тұрады, әр серияның ұзақтығы - 40 минут. Сериал қашан қай арнадан көрсетілетіні әзірге белгісіз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін