È

Бостандыққа шыққан ананың оқиғасы

«Освобожденная»

Режиссер Канат Бейсекеев және журналист Райхан Рахим 9 жылға бас бостандығынан айырылған Валентина Александрова туралы деректі фильм түсірді. Картинада шымкент түрмесінен шыққан әйелдің туған жері Оралға жол тартуы көрсетілген, онда әйелді балалары күтіп отыр. Қызы Машаны Валентина 3 жасынан бері көрмеген, қазір қыздың жасы 12-де, ол балалар үйінде тәрбиеленуді. Фильмде кейіпкер өзі туралы «Жарымжан емеспін, бірақ жарты адаммын» деп айтады.

Деректі лентаның көрсетілімі Chaplin Mega Park кинотеатрында 23 мамырда өтті.

Сюжетпен жұмыс осыдан бір жарым жыл бұрын басталған. Сол кезде Райханға сотталған аналардың ұзақ жылдар бойы балалары мен туыстарын көрмейтіні жөнінде фоторепортаж жасау ойына келген болатын. Шымкенттегі қатал режимдегі колонияға барған журналист түрмедегі әйелдермен кездесті. Әкімшілік жанында Валентинаны кездестіргенде ол өзінің кейіпкері осы Валентина болатынын түсінді. Әйел кез келгнен түсірілімге қатысуға келісті, ең бастысы оған қызымен кездесуге мүмкіндік берсе болғаны.

Кездесуден кейін Райхан Орал қаласына жол тартты, онда ол денсаулық сақтау басқармасымен, балалар үйінің басышылығымен ұзақ уақыт келіссөздер жүргізді. Журналист Машаны Шымкенттегі анасын көру үшін біраз уақытқа психологпен бірге жіберуді сұрады, алайда оған рұқсат етілмеді.

«Бұл сотталған әйелдердің ортақ мәселесі. Қанша тырыссақ та балалар үйінің басшысы біздің өтінішімізден бас тартты. Мен поезда келе жатып қатты жыладым, өйткені өзімнің әрекетім арқылы мен балалар үйінің басшылығын сотталған әйелге одан сайын қарсы қойдым"- дейді Райхан.

Бір жарым ай бұрын Валентина журналистке хабарласып, өзін уақытынан бұрын ерте босататынын айтқан. Райханның айтуынша, осы жағдайдан соң Валентина мен Машаны кездестіруге тағы бір мүмкіндік туды.

«Освобожденная» кадр

«Түрмеден бостылған адамдардың жақындарымен ара-қатынасы қалай болатынын көрсету туралы ой келді маған. Шындығында әр жыл сайын бостандыққа 15 мыңдай адам шығады екен. «Освобожденная»кейіпкердің ақшасыз, құжатсыз, телефонсыз қалғаны көрсетілген жоқ. Егер сол кезде оның қасында біз болмағанымызда ол Ақтөбеде біраз бөгелер еді. Кейде түрмеден шыққандар ақшасыз Оралға жету бірнеше тәулік жоғалтады, кейді тіпті ұрлыққа да барады" , - деп бөлісті Рақым.

Райхан режиссерБейсекеевқа АҚШ-тан оралғаннан кейін бірден жобаға кірісуге ұсыныс жасады. Оралда авторларға "Орал апталығы" газітінің журналистері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері көмектесті. олар балалар үйінің басшылығына әсер етіп, көптен күткен кездесуге мүмкіндік туғызды.

Бүгінде Валентина қызын балалар үйінен алып кетуге барын салуда.

«Шын мәнінде көптеген қызықты оқиғалар кадрдан тыс қалды. Көрермен көрген көріністердің бәрі алдын ала қойылған жоқ, түсірілім онлайн режимде өтті. о баста біз фильмді үлкен экранға шығаруды жоспарлаған жоқпыз, бірақ алғашқы монтажды көргеннен кейін көрсетілім жасау керектігін түсіндім"- дейді Қанат.

Көрермендермен бірге картинаны бас кейіпкер – Валентина да тамашалады. Ол фильм авторларына өзіне қолдау білдіргендері үшін алғысын айтты.

Райхан Рақым мен Канат Бейсекеевтің әйел туралы деректі фимьмі 365info.kz-ке жарияланады. "Освобожденная" деректі фильмін жақында желіден көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер