È

1929 жылғы отандық «Түрксіб» фильмі Лондонда көрсетіледі

1929 жылғы отандық «Түрксіб» фильмі Лондонда көрсетіледі

1929 жылғы отандық «Түрксіб» деректі фильмі алғаш рет шетел көрермендеріне көрсетіледі. Жаңартылған нұсқасының көрсетілімі 22 мамыр күні Лондонда, Westminster Central Hall концерт залында өтеді.

«Түрксіб» (1929) – режиссер Виктор Туриннің Жетісу аймағында түсірген алғашқы ақ-қара картинасы. Сюжетте Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір ірі магистралінің құрылысы суреттеледі. Таспада өз жұмыстарына берілген құрылысшылар және далада жүйткіп келе жатқан пойызды көрген жергілікті тұрғындардың таң қалысы бейнеленген. Картина КСРО аймағында көрсетілуге тыйым салынса да, Батыста оны лайықты түрде бағалады. Бүгінде «Түрксіб» XX ғасырдың ең үздік елу деректі фильмдердің қатарына енген.

Кинотаспаға екінші өмір беру идеясы Clique Fest кинофестивалінің продюсері Наргиз Шүкеноваға тиесілі. Картинаның кадрлы өңдеуі Британ кино институты базасында өтті, ал түпнұсқа саундтрегін композитор Қуат Шілдебаев жазған.

Еске сала кетсек, «Түрксібтің» жаңа нұсқасының тұсауы 2016 жылдың желтоқсанында кесілген болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

17 мамыр 2018, 23:20

Круто!

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер